Mybuh.kz порталында СЕН 250-ді қалай толтыру керек?

Менюіңіздегі «Жалпы декларациялау» бөлімін ашып, «Декларацияны тапсыру» опциясын таңдаңыз.

Алдымен СЕН 250 түрін таңдаңыз, содан кейін «Форманы тапсыру» батырмасын басып, мәліметтер берілетін уақыт аралығын енгізіңіз.

Алдын ала форма бетінде есептің шапкасы толтырылады, форманың түрін таңдаңыз – бастапқы (егер бұрын 250 форма тапсырылмаса), қосымша – егер бастапқы форма болған жағдайда есепте толықтырулар қажет болса.

Тұрғылықты жеріңіздегі мемлекеттік кірістер органының кодын, ЖСН, ТАӘ толтырыңыз. Резиденттік белгісін және физикалық тұлғаға қатысты категорияны көрсетіңіз.

Сондай-ақ декларацияны кім үшін берілетінін көрсетіңіз - өзіңіз үшін немесе кәмелетке толмаған тұлға үшін және (немесе) әрекет қабілетсіз немесе шектеулі әрекет қабілетті тұлға үшін, «Келесі» батырмасын басыңыз.

Екінші бетте қолма-қол ақша туралы мәліметтер толтырылады, сомасы 10 000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс. «Мәліметтерді қосу» батырмасын басып, валюта кодын таңдаңыз және соманы көрсетіңіз, «келесі» батырмасына өтеміз.

Үшінші бетте активтер туралы ақпарат көрсетіледі.

Активтер тізімімен танысып, толтыру үшін қажетті тармақты таңдаңыз, мысалы, «шетел мемлекетінде орналасқан жылжымайтын мүлік» - «мәліметтерді қосу» батырмасын басыңыз. Мүлік түрін көрсетіңіз - мысалы, жер учаскесі, үй, гараж, дача, пәтер, офис, жабық паркингтегі автотұрақ, коммерциялық ғимарат, құрылыс, әуе кемесі, теңіз кемесі, ішкі су көлігі «өзен-теңіз» және басқа жылжымайтын мүлік. Бұл мүлік орналасқан елдің коды, кадастрлық нөмір – яғни, құқықты растайтын құжатта көрсетілген жылжымайтын мүлік объектісінің жеке нөмірі, техникалық паспорт және мекенжай. Егер бар болса, осы жолда қосымша мәліметтерді қосуға болады.

Егер активтер тізімінде сізде ештеңе болмаса, онда белгілі бір жолды толтыруды өткізіп жіберуге болады.

Барлық қажетті мәліметтерді толтырғаннан кейін, «декларацияны қосу» батырмасын басыңыз.

Сіздің алдыңызда салық төлеушінің кабинетіндегі есепті жіберу формасы ашылды, сіз форманы жоюға, басып шығаруға, жүктеп алуға немесе өңдеуге болады. Есепті тікелей салық органына жіберу үшін «Салық органына жіберу» батырмасын басыңыз, қол қою үшін ЭЦП кілтін таңдаңыз, парольді енгізіңіз, «қол қою» батырмасын басыңыз. Есеп жіберілгеннен кейін, біраз уақыттан кейін есептің статусын жоғарғы оң жақ бұрышта жаңартыңыз, дұрыс жіберу статусы «Есеп тапсырылды».

Жаңартылды 09.04.2026, 14:32

Жауап пайдалы болды ма?

Сіздің жауабыңыз материалдарды жақсартуға көмектеседі