СЕН 250-ні қалай толтыру керек?
«Барлық декларациялау» бөлімінде менюде, «Форма 250» қойындысына өтіп, 250 формасын қосыңыз – есептілік тапсыру кезеңін таңдаңыз, «Форманы толтыру» батырмасын басыңыз.
Алғашқы бетте форманың шапкасы толтырылады, форманың түрін таңдаңыз – бастапқы (егер бұрын 250 форма тапсырылмаса), қосымша – егер бастапқы форма болған жағдайда есептеулерге қосымша ақпарат қажет болса.
Тұрғылықты жеріңіздегі мемлекеттік кірістер органының кодын, ЖСН, ТАӘ толтырыңыз. Резиденттік белгісін және физикалық тұлғаға қатысты категорияны көрсетіңіз. Сондай-ақ декларацияны кім үшін берілетінін көрсетіңіз - өзіңіз үшін немесе кәмелетке толмаған тұлға үшін, немесе әрекет қабілеті шектеулі тұлға үшін, «келесі» батырмасын басыңыз.
Екінші бетте қолма-қол ақша туралы ақпарат толтырылады, 10 000 еселенген айлық есептік көрсеткіштің шегінен аспайтын сома. «Ақпарат қосу» батырмасын басып, валюта кодын таңдаңыз және соманы көрсетіңіз, «келесі» бетке өтеміз.
Үшінші бетте активтер туралы ақпарат көрсетіледі. Активтер тізімімен танысып, толтыру үшін қажетті тармақты таңдаңыз, мысалы, «шетелдегі жылжымайтын мүлік» - «ақпарат қосу» батырмасын басыңыз. Мүлік түрін көрсетіңіз - мысалы, жер учаскесі, үй, гараж, дача, пәтер, офис, жабық паркингтегі автотұрақ, коммерциялық ғимарат, құрылыс, әуе кемесі, теңіз кемесі, ішкі су көлігі «өзен-теңіз» және басқа жылжымайтын мүлік. Бұл мүлік орналасқан елдің коды, кадастрлық нөмір – яғни, құқықты растайтын құжатта көрсетілген жылжымайтын мүлік объектісінің жеке нөмірі, техникалық паспорт және мекенжай. Егер бар болса, осы жолда қосымша ақпарат қосуға болады.
Егер активтер тізімінде сізде ештеңе болмаса, онда сол немесе басқа жолды толтыруды өткізіп жіберуге болады. Барлық қажетті ақпаратты толтырғаннан кейін, «декларация қосу» батырмасын басыңыз.
Сізге салық төлеушінің кабинетінде есепті жіберу формасы ашылды, форманы өңдеуге, жүктеп алуға, басып шығаруға немесе жоюға болады. Есепті тікелей салық органына жіберу үшін «Салық органына жіберу» батырмасын басыңыз, қол қою үшін ЭЦП кілтін таңдаңыз, парольді енгізіңіз, «қол қою» батырмасын басыңыз. Есеп жіберілгеннен кейін, біраз уақыттан кейін есептің статусын жоғарғы оң жақ бұрышта жаңартыңыз, дұрыс жіберу статусы «Есеп тапсырылды».
Жаңартылды 26.03.2026, 11:51
Жауап пайдалы болды ма?
Сіздің жауабыңыз материалдарды жақсартуға көмектеседі






